«Ақжан» және «Ақсуат» мемлекеттік табиғи қорықтарын құрған сәттен бастап оларды табиғатты қорғау ұйымдарына бекітпеген. Мұнда қорықшы қызметі жоқ. Тиісінше, бағалы, сирек кездесетін, жоғалып кету қауіпі бар өсімдік, жануарларды сақтау, қалпына келтіру шаралары жүргізілмеген. Инфрақұрылымды құру және қорықты ұстау үшін бюджеттен ақша бөлінбеген.
Баспасөз қызметі қадағалау органының қабылдаған шаралары нәтижесінде биыл қорықтарды ұстауға 4,4 млн теңге бөлінді, қорықшы қызметі құрылды, торуылдау үшін көлік сатып алынғандығы айтылады. Қазір мемлекеттік табиғи қорықтар өздеріне жүктелген міндеттерін жүзеге асыруда.