Прокурорлар жұмысшылардың құқын қорғады

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы аудандық прокуратурасы ауданның мекемелері мен кәсіпорындары жалақыны уақытында және толық көлемде төлеу бөлігіндегі еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Тексеріс барысында «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 34 жұмысшының алдында ағымдығы жылдың мамыр айы үшін 470 000 теңге көлеміндегі берешек қалыптасқаны анықталды. Аталған мекеменің әкімшілігімен, ҚР Еңбек Кодексінің 134-бабымен, жалақы айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленуі қажет делінген талаптарды бұза отырып, жалақы толық және уақтылы төленбей, жұмысшылардың алдындағы шарттық міндеттемелер орындалмаған. Нәтижесінде, ҚР Конституциясымен кепілдік берілген, еңбегі үшін сыйақы ретінде 34 азаматтың конституциялық құқықтары бұзылған.

Аудан прокурорының ұйғарымы бойынша аталған мекеменің жұмысшылар алдындағы жалақы бойынша берешегі толық көлемінде төленіп, соңында олардың конституциялық құқықтары қорғалды.