Бұл туралы бүгін Астанада прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысына арналған алқа мәжілісте ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
«Бірінші жартыжылдықта соттарда 20 мыңнан астам - қылмыстық, 43 мың - азаматтық және 96 мың әкімшілік істердің қаралуына прокурорлар қатысты. Прокурорлар тарапынан мемлекеттік айыптауды тиімді қолдану нәтижесінде лайықты жазасына 10 мың қылмыскер кесілді»,-деді Бас прокурор А. Дауылбаев.
Прокурорлардың қарсылығы бойынша 613 тұлғаға қатысты үкім, сондай-ақ 900-ден астам сот актілері заңға сай келтірілді. Мұнымен қоса, прокурорлардың аралсуынан кейін мемлекет кірісіне 2 млрд. теңгеден астам қаржыны тәркілеу туралы сот шешімдері орындалды. Оның сөзіне қарағанда, 104 мыңнан астам азамат көмек іздеп, прокуратура органдарына жүгінген.