Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауылдарға жақын жердегі жалпы ауданы 54 мың га болатын 348 жайылымдық жерді заңсыз берген.
Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етті, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда.
Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.
«Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га-ға дейін азайды. Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында»,-делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.