Бұл туралы ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Тексерістер барысында ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері шығарылған шетелдік азаматтардың елге еш кедергісіз кіру фактілері анықталған. Мәселен, Өзбекстан азаматы Қазақстан аумағы бойынша заңды бұза отырып, еш кедергісіз ел аумағында жүргені анықталды. Аталған азамат былтырғы жылы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен өзбек азаматын әкімшілік жауапқа тарта отырып, оны елден шығару туралы үкім шығарылған. Сондықтан да, аталған азамат бұған дейін елден аластатылғанына қарамастан, 2011 жылы 29 сәуірде екінші рет «Қазығұрт» бекеті арқылы автокөлікпен республика аумағына кіргені анықталды. Яғни, аталған факті елден шығарылған шетелдіктің заңсыз республика аумағына келгенін айғақтайды», - делінген баспасөз айғағында. Шекара қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған өзбек азаматы әлі күнге Қазақстан аумағынан шығарылмаған. Дәл осындай жағдай Грузия азаматының Қазақстанға заңсыз келуіне қатысты да болып отыр.