«Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін жері туралы айтатын болсақ, біз бұл мәселені Golden Boy промоутерлік компаниясы шешеді деп келістік. Головкинге жекпе-жекті қай жерде өткізетіні маңызды емес. Оның Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» де жанкүйерлері көп. Сонымен қатар Джерри Джонс («Даллас Ковбойз» командасының қожайыны) Головкиннің жекпе-жегін Далласта өткізгісі келетінін айтты.
Тағы бір нұсқа ретінде Лас-Вегастағы «Даллас Ковбойз» казиносындағы T-Mobile Arena аренасы айтылып жатыр. Бірақ таңдау Альварестің командасында», - дейді Леффлер.
Еске салайық, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF атақтарына ие қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. «Канело» 6 мамырда өзге мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. Мексикалық боксшы өзінің жекпе-жегін өткізіп болғаннан кейін екі боксшы жаздың ортасында кезесу өткізуі ықтимал.