Промоутер Жақияновты «темір адам» деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландиялық промоутер Барни Иствуд Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) пен Райан Барнетт (18-0, 9 КО) айқасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Райан сол кеште тамаша өнер көрсетті. Ол мықты боксшы, темір адам саналатын Жақияновты жеңді. Мүмкін, жекпе-жек әсерлі болмаған шығар, бірақ жақсы өтті. Барнетт өз ойын өрнегімен таңқалдырып қана қоймай, Жақияновтың оны қорқытуына жол бермеді», - деді  Иствуд Belfast Telegraph-қа берген сұхбатында.

Жақиянов - Барнетт айқасы судьялардың бірауыздан шешімімен солтүстікирландиялық боксшының жеңісімен аяқталып, Райан WBA (Super) тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионының екінші белбеуін иеленді.