«Жәнібек Әлімханұлы бейсенбі күні кешке қарай салмақ қуу кезінде ағзаның зорығуына байланысты ауруханаға түсіп қалды. Осы себепті оның Андрей Михайловичпен жекпе-жегі өтпетін болды. Енді Лас-Вегастағы сол бокс кешінің басты жекпе-жегі Рэймонд Мураталья мен Тевин Фармер кездесуі болмақ», - деп мәлімдеді Top Rank Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Жәнібек пен Михайловичтің жекпе-жегі 14 шілде күні таңертең өтуі тиіс болған. Жәнібек өзіне тиесілі WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерді қорғауы тиіс еді.