Промоутерлер астаналықтарға ақылы автотұрақты қалай пайдалануды үйретеді
18:04, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутерлер көлік иелеріне Астанадағы «Нұр жол» бульварындағы паркоматты қалай пайдалану қажеттігін үйретеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА сұрағына «Астана LRT» ЖШС-да жауап берді.
«Нұр жол» бульварында 472 орын бар. Олар алдағы уақытта ақылы болмақ.
«Автотұрақтың ақылы жұмысы іске қосылғаннан кейін алғашқы аптасында промоутерлер жұмыс істейді. Олар көлік иелеріне паркоматты қалай қолдану қажеттігін үйретеді. Төлем тарифтері мен тәсілдері туралы ақпарат береді», - делінген хабарламада. Әзірге төлем алынып жатқан жоқ.
Компания өкілдері түсіндіргеніндей, автотұрақты іске қосқаннан кейін көше-жол желісінде баспасөз конференциясы өтеді. Сондай-ақ 2017 жылдың соңына дейін Астанада 9000 ақылы автотұрақ орнын құру жоспарлануда, олар екі аймақта орналасады.
№1: Туран-Сарайшық - Мәңгілік Ел - Сығанақ;
№2: Сарыарқа-Бөгенбай батыр-Республика-Набережная.