Пропан газы толтырылған алты вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Жаңа Шотландия провинциясының Пикта округінде дүйсенбіде пропан газын тасымалдап келе жатқан тауарлық пойыздың алты вагоны рельстен шығып кетті.

Бұл туралы СВС телеарнасы хабарлады.

Оқиға орнынан 2 шақырым радиустағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуацияланғандардың саны әзірге белгісіз, бірақ апат Стеллартон қаласынан 2 шақырым қашықтықта, тұрғындары аз жерде орын алғаны атап өтілген. «Газдың сыртқа жайылғандығы тіркелген жоқ, мамандар барлық құрамды тексеріп жатыр», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілі Скотт Макрэй.

Апат кезінде пойызда екі адам болған - машинист және оның көмекшісі. Олар аман-есен.