Министрдің атап өтуінше, зымыран тасымалдағыш құлаған жер Ресей Федерациясы жалға алған аумақта, 81 мен 200-ші алаң аралығында жатыр. Зымыран құлағаннан кейін таяу аралықта орналасқан елді-мекендердің топырағы мен ауасынан сынама алынған. Зертханалық сараптама барысында гептил табылаған жоқ.
Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.