АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы құлағаннан кейін пайда болған шұңқырда гептилмен ластану белгілері анықталды. Бұл туралы бүгін «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық ресейлік-қазақстандық комиссия жанынан құрылған жұмыс комиссиясы отырысы барысында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов айтты.
«Қазақстандық сарапшылар ұңғыманың ортасында гептилмен ластануды растап отыр. Біздің мәліметтер бойынша, пайда болған шұңқырдың ортасында ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейінен 527 есеге артық, оның шығыс жиегінде - қоршау нүктесінен 10 метр жерде шекті дейгей 395 есеге асып отыр, ал 10-нан 20 сантиметрге дейінгі тереңдікте гептилдің құрамы ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейінен 3039-ды құрады»,-деп нақтылап өтті Е. Шаймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, «Протон-М» құлаған орында жанып кеткен жердің ауданы 4,9 гектарды қамтыды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.