«Протон-М» зымыраны Байқоңырдан қашан ұшырылатыны белгілі болды

Фото: None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мемлекеттіккомиссия 2 тамыз күні ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыранын старттық кешенгешығару туралы шешім қабылдады. Ұшырылым 6 тамыз, сейсенбіге жоспарланған», -деп жазды Twitter-де Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин.

Ғарыштық мақсаттағы«Протон-М» зымыраны Eutelsat бағдарламасы бойынша Байқоңырға бірнеше күн бұрынжеткізілген. Роскосмос корпорациясының құрамына кіретін М.В.Хруничев атындағығарыш орталығы «Протон-М» зымыранының құрамдас бөлшектері тиелген эшелон(тамымалдаушы зымыранның үш басқышы, үдемелі блок, ауыспалы жүйе және бастыорай ағызғыш) «Протон» ғарыштық зымыран кешенінің техникалық кешеніне 2019жылдың 31 шілдесінде 5 West B және MEV ғарыштық аппараттарын кластерлік ұшыруғадайындау үшін жеткізілгенін хабарлады.

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар