«Протон-М» зымыран тасымалдағышы ұшырылымының экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын Байқоңыр және Жезқазған қалаларындағы «Ғарыш экология» ҒЗО өкілдігінің қызметкерлері жүргізеді», - деді агенттікке сұхбат берген РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатов.
«Қазіргі уақытта Ресей тарапымен бірге «Протон-М» ЗТ-ның бірінші сатысы құлаған жерде экологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зымыран тасығыштың қосалқы бөлшектері құлаған жерде өсімдіктері өртенбеген», - деді Ж.Жұбатов.
Ұшу циклограммасына сәйкес, «Протон-М» ЗТ-ының бірінші сатысы Қарағанды облысының Ұлытау ауданына, екінші сатысы - Ресейдің Алтай өлкесіне және үшінші сатысы - Тынық мұхитқа құлады.