АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - «Протон» зымыран тасымалдағышы 2020 жылдан кейін пайдаланудан шығарылады.
Бұл туралы Роскосмос басшысы Владимир Поповкин мәлім етті, деп хабарлайды utro.ru.
«Менің ойымша, ол («Протон» зымыраны) 2020 жылдан кейін пайдаланудан шығарылатын болады. Атап айтқанда, «Ангара» (зымыран тасымалдағышы) штаттық түрде іске қосылғаннан соң»,-деді В. Поповкин.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.