«Жабайы аң, жануарларды жерсіндіру алдында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни ол жердің табиғаты, ауа райы, жері мен суы зерттеледі. Пржеваль жылқысын елімізге әкелу үшін мамандар 3-4 жыл бойы зерттеу жүргізді. Чехия елімен меморандумға қол қойған кезде, алғашқы Пржеваль жылқыларын елге 2025 жылы әкелеміз деп ойлағанбыз. Бірақ, чехиялық мамандар біздегі дайындық жұмыстарын көрген соң, олармен биылдан бастауға келістік», - деді Данияр Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет төрағасының айтуынша, Пржеваль жылқысын жерсіндіруде қауіп бар.
«Чехиялық мамандар Қостанай облысына келіп, бірнеше зерттеу жұмыстарын жасады. Оның нәтижесінде жабайы жылқылар үшін өңір ауа райы қолайлы деген шешім қабылдады», - дейді ол.
Бұған дейін Қостанай облысындағы «Алтын дала» резерватына Прагадан сегіз бас Пржеваль жылқысы жеткізілетіні туралы хабарлаған едік.