Психологтердің мемлекеттік тізілімі жасалады
11:07, 08 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Азаматтарды түрлі айла-шарғымен жаңылыстыратын жалған психологтердің қызметі шектеледі. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Айна Мысырәлімова мәлімдеді.
— Ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам сенімін арттыру мақсатында барлық практик психологтарды мемлекеттік тізілімде міндетті түрде тіркеу ұсынылады. Бұл қызмет нарығын жүйелеуге және тиісті біліктілігі жоқ, азаматтарды түрлі айла-тәсілдер арқылы жаңылыстыратын жалған мамандардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді, — деді депутат.
Айта кетейік бұған дейін психологтерге қойылатын талаптар заңнамалық деңгейде бекітілетінін жазғанбыз.