Кәсіптік стандарт «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.
Құжат аясындағы кәсіби қызметтің негізгі мақсаты — психологиялық диагностика, кеңес беру, түзету, оңалту, абилитация, психопрофилактика және психологиялық ағарту арқылы балалар мен жасөспірімдерге, мүмкіндігі шектеулі және дамуында бұзылыстары бар адамдарға, сондай-ақ жеке тәртіппен психологиялық көмек алуға жүгінетін жеке және заңды тұлғаларға білікті, этикалық қағидаларға негізделген және ғылыми негізделген психологиялық көмек көрсету.
Бұл көмек психологиялық әл-ауқатты сақтау мен нығайтуға, бейімделуге және өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Бұйрық жобасы 11 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Бұған дейін Психологтердің әдеп кодексіні жобасы жарияланған еді.