«Жеке құрамды психологиялық қолдау жұмыстарында кемшіліктер бар. Арнаулы динамикалық бақылау тобына енген әскерилердің тәуліктік нарядқа, оның ішінде қарумен кезекшілікке түсуіне жол беру деректері анықталды. Психологтарды даярлықтан өткізу талаптары орындалмай жатыр», - деді М. Қазиев Сенатта әскери қызметшілердің денсаулығына қатысты мәселені талқалау кезінде.
Осы орайда ол психолог мамандығын алған кейбір әскери қызметшілер өз саласын тиісті деңгейде меңгермегенін айтты.
«Тағы бір маңызды мәселе – ол жеке құрамның психологиялық тестілеуден ұзақ өтуі. Себебі, бұл құжаттар қағаз жүзінде қолмен толтырылады. Сондықтан бұл бағытта цифрлық технологияларды қарқынды енгізу керек», - деді Мақсат Қазиев.