Псков маңындағы шайқаста қаза тапқан панфиловшы қызыл әскер Қартайған Босшығұловтың есімі ұлықталды

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында алматылық Күлжәміш Қартайғанованың отбасына қатысты көптен күткен мәліметтер табылып,

1941 жылы соғысқа аттанып, бір жылдан соң із-түзсіз жоғалған әкесі Қартайған Босшығұловтың тағдыры жайлы деректер мәлім болды.

Көп жылға созылған іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Мәлім болғандай, панфиловшы қызыл әскер Қартайған Босшығұлов 1943 жылы 5 қаңтарда Калинин облысы (қазіргі Псков), Великолукский ауданы, Сахна деревнясында ерлікпен қаза тапқан. Ол Новково селосындағы бауырластар зиратында 1498-ші адам болып жерленген екен.

Іздеушілердің өтініші бойынша, аудан әкімшілігі мен әскери комиссариат оның атына ескерткіш тақта орнатты. Осылайша ерлікпен қаза тапқан батырдың есімі ұлықталды.