Gangnam Style әнімен танымал болған бұл әншінің жаңа бейнебаянын жарияланғанына көп уақыт өтпесе де, 1 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.
Айта кетейік, Gangnam Style бейнебаяны YouTube-де ең көп көрермен жинаған видео ретінде әлемдік рекорд орнатқан еді. Ғаламтор пайдаланушылары өткен үш жыл ішінде бейнебаянды 2,46 млрд рет көрген. Ал 10,1 млн адам «Ұнайды» белгісін басқан.