АТСАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемге танымал «Gangnam Style» хитінің авторы оңтүстіккорейлік жұлдыз Psy «KZ MUSIC AWARDS-2013» қазақстандық эстрада жұлдыздарын марапаттау шарасында өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сыйлықтың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мерекелік шара Халықаралық әйелдер күні мерекесінде «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кеш қонағы Пак Чэ Сан өзінің «ат үстіндегі биін» орындайтын болады.
«Ия біз қазіргі уақытта әншімен келісімге қол қойдық. Оның қатысуымен арнайы шоу бағдарлама болады. Таяу аралықта біз баспасөз мәслихатын өткізіп, кеңінен хабарлайтын боламыз», - деді баспасөз қызметінен.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.