АСТАНА. ҚазАқпарат – Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені өтемақы есебінде 300-350 млн еуроға сатуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
The Telegraph мәлім еткеніндей, ойыншымен 2025 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Алайда франциялық шабуылшы кетемін деген жағдайда тиісті ұсыныс түссе, клуб оны сата алады. «ПСЖ» Мбаппені 300-350 млн еуроға бағалап отыр.
«Реал» кезінде бізге қарағанда, Килианға көп ақша ұсынған болатын. Бірақ ол бізді таңдады. Ең бастысы да сол еді. Осында ойнауға ұйғарса, мәселенің ақшада еместігін білдіреді», - деді «ПСЖ» өкілі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің әлем чемпионаттарының рекордын орнатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті.
Пенальти сериясында Францияны жеңген Аргентина үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Чемпионат сұрмергені Килиан Мбаппе гол саны жөнінен Пеле және Мессимен теңесті.
Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.
Фото:championat.com
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).