«ПСЖ» Лионель Мессимен келісімшарт құрметіне Эйфель мұнарасын жалға алады

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияның «Пари́ Сен-Жерме́н» (ПСЖ) футбол клубы аргентиналық футболшы Лионель Мессидің командамен келісімшартқа отыруы құрметіне Эйфель мұнарасын жалға алып, орасан зор шара өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dailystar-ға сілтеме жасап.

Испаниялық «Барселона» клубынан кеткен Мессидің Франция лигасының титулды клубы – ПСЖ-ға трансфері аяқталуға жақын.

Месси «Барселонадан» жаңа келісімшартта максималды жалақыны анықтайтын ережелер жазылмағандықтан кетті.

Лионель Мессидің ПСЖ-мен келісімшартының егжей-тегжейі алдағы демалыс күндері бекітілмек. Футболшының франциялық клубпен келісімшарты екі жылға есептелген.

Футбол жұлдызы Месси «Барселона» үшін ойнаған уақыт аралығында 34 рет Кубок жеңіп алды.