ПТР-тест құны туроператор пакетіне енгізіледі
11:51, 19 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.
Еске салсақ, бұған дейін шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайынан коронавирус анықталатындығы туралы хабарладық. Сондай-ақ, енді ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға кіре алмайды.