«Эпидемиологиялық ахуалға байланысты сәуірде тестілеудің тәуліктің саны 48 мыңға жеткізілді. Бұл еліміздегі барлық тәуліктік қуаттың 41 пайызын құрайды. Барлық өңірде критерийлерге сәйкес, шектеу іс-шаралары қолданылуда», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Вице-министрдің дерегінше, қазіргі уақытта елімізде коронавирусқа шалдыққандырды емдеу үшін 31 219 төсек-орын дайындалған. Олардың 40 пайызында науқастар ем алуда. Ал инфекциялық стационарларды шамамен 2 800 реанимациялық төсек-орын әзірленген. Шамамен 26 пайызында науқастар жатыр.