Пуччинидің соңғы жұмбағы: Елорда театры Турандотты жаңа қырынан көрсетті

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Джакомо Пуччинидің ең соңғы, ең күрделі әрі ең ауқымды туындысы — «Турандот» операсы елорда сахнасына қайта оралды. Сахнадағы жаңбыр, айдаһардың аузынан шығатын император және ғарыштық бейнелер көрерменді бірден баурап алады. Бірақ бұл техникалық эффектілердің артында адам жанын тебірентер үлкен махаббат пен психологиялық драма жатыр.

Театр солисі Саргис Бажбеук-Меликянның айтуынша, спектакльдің техникалық мүмкіндіктері таңғалдырмай қоймайды.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сценографиядағы экрандар мен ғарыш көріністері классикалық операға мүлдем бөтен сияқты көрінгенімен, іс жүзінде бұл шешім Пуччини музыкасының асқақтығын одан сайын аша түскен.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бұл қойылымның басты жүгі мен жауапкершілігі театрдың жетекші солисі Бибігүл Жанұзақтың иығында.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Өнер иесі бұл күрделі партияның қыр-сырын меңгеру үшін ұзақ уақыт бойы ізденгенін айтады.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеов/Kazinform

— Мен бұл рөлге 6 жыл бойы дайындалдым десем де болады. Бұл жерде тек дауыстың мүмкіндігі аздық етеді, ең бастысы — психологиялық дайындық. Мұздай суық ханшайымның кейпін кию, оның ішкі нәзіктігін жүрекпен беру — өте үлкен еңбек. Турандот операсы соңы трагедиясыз, басты кейіпкерлердің бірге қосылуымен аяқталады. Бұл операның ерекшелігі деуге болады, өйткені Пуччинидің басқа шығармалары трагедиямен аяқталған, — дейді Бибігүл Жанұзақ.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Операның тағы бір маңызды желісі — Лиу күң қыздың тағдыры. Солис Мәдина Исламова бұл кейіпкердің жан тебірентерлік тарихын бүгінгі өмірмен байланыстырады. Лиу — бір кездері Калаф ханзаданың өзіне бір рет жымиып қарағаны үшін, бүкіл өмірін құрбан етуге дайын кейіпкер.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Жай ғана адамның адамға күлімсіреуі, осы жылулық оған өмірге деген күш берген. Бұл қазіргі қарбалас заманда бәрімізге де жетіспейтін дүние емес пе? — дейді ол.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін «Астана Опера» театрында Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған концерттер легі басталғанын жазған едік.