Белгілі кинорежиссер Майкл Мур өзінің Твиттер парақшасында атышулы исламофбо Дональд Трамптың ғимаратының қасында түскен суретін қойып, астына «Біз бәріміз - мұсылманбыз» деп жазған болатын.
Неге екені белгісіз, бұл сурет Велездің қытығына тисе керек. Сурет астына ол «мұсылмандар Америка конституциясын АҚШ-та террорлық әрекеттер жасауға пайдаланып отыр» деген пікір қалдырған.
Ал, «Пуэрто-Рико аруы» сайысын ұйымдастырушылар Дестини Велездің бұл қылығына көз жұмып қарай алмаған көрінеді. Олар бірден Велезді атағынан айырып, бұндай мәлімдемелердің ұйым көзқарасына қайшы екенін айтып отыр.