Құтқару қызметінің мәліметінше, бортында шамамен 60 адам болған кемеде төбелес басталған. Мона аралынан шамамен 16 шақырым қашықтықта тұрған кеме аударылып, жағалау күзеті 40 адамды құтқарып үлгерген.
— Екі адамның денесі табылды. Құтқару операциясы жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде бірнеше адам пышақталған. Кейбірі оқиға кезінде суға секіріп, аралға қарай жүзген. Кемедегі жолаушылардың ешқайсысы құтқару кеудешесін кимеген.
Еске салайық, Кипр жағалауында 267 жолаушы отырған кеме аударылып, 7 адам қаза тапқан болатын.