Пуэрто-Рикода 1,8 тоннағы жуық кокаин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рико билігі шамамен 1,8 тонна кокаин тәркіледі, деп хабарлайды РИА Новости.

Тыйым салынған жүкті Венесуэланың екі азаматы шағын жедел қайықпен аралға жеткізбек болған. Тәркіленген партияның жалпы құны «қара» нарықтың бағасымен алғанда 50 миллион долларға жетеді.

Ұстау кезінде венесуэлалықтар кокаиннен құтылуды ойлап, есірткі бумаларын суға лақтырған, сонымен бірге суға құлап кеткен контрабандашылардың бірін құқық қорғау органдарының қызметкерлері құтқарып қалды.

Ұсталғандар есірткі тасымалы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Фото:© AP Photo/ Patrick Semansky