Пуэрто-Рикода 1,4 млн адам жарықсыз қалды

Фото: Фото: Рixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Luma Energy компаниясының өкілі Уго Соррентини Пасха мерекесі қарсаңында туристер ағылып жатқан Пуэрто-Рикодағы электр энергиясының өшуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Анадолы.

Оның айтуынша, жарық тек тұрғын үйлерде ғана емес, әуежайларда және кейбір ауруханада да жоқ.

Соррентинидің сөзінше, шамамен 330 мың адам ауызсуға қол жеткізуде қиындық болып отыр. Электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанымен, ақаудың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Электр энергиясының өшуі Пуэрто-Рикода шамамен 1,4 миллион адамның өміріне кері әсерін тигізді.

Жергілікті билік зардап шеккендердің шағымдары 72 сағат ішінде қаралатынын хабарлаған.

Пуэрто-Рико губернаторы Дженнифер Гонсалес елді ауқымды түрде жарықсыз қалдырған Luma Energy компаниясымен жасалған келісімді бұзу мәселесі қаралып жатқанын да мәлімдеді.

Айта кетейік, Шри-Ланкада маймыл электр станциясына кіріп кетіп, елді жарықсыз қалдырғанын жазған едік.