Пуэрто-Рико билігінің тапсырысымен Джордж Вашингтон университетінің қызметкерлері табиғи апат құрбандарының санын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша әзірленген баяндамаға сүйенек, Пуэрто-Рико губернаторы Рикардо Росселло 2 975 адам апат кезінде құрбан болғанын мәлімдеді.
Былтыр желтоқсандағы ресми мәлімдемесінде ел билігі құрбандар саны 64 деп көрсеткен болатын.
Еске сала кетейік, «Мария» дауылы 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Пуэрто-Рикоға төніп, тынымсыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болған. Апат салдарынан елде азық-түлік, ауызсу, жанармай жетіспеушілігі байқалған. Moody's Analytics аналитика агенттігінің есептеулеріне қарағанда, мемлекетке келтірілген залал 95 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.