Пугачеваның немересі қазақ қызына үйленуден қашып жүр

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков қазақстандық Аида Қалиеваға құда түсуге асығатын емес.

Бұл туралы ресейлік «Светская жизнь» газеті хабарлайды. Осы басылымға берген сұхбатында ол Аидаға үйлену жоспарында жоқ екенін айтқан. Кіші Пресняковтың бұл қылығы, мұсылмандық тәрбие алған қазақ қызы Аиданың отбасының абройына сын болғалы тұр. Бұл туралы BAQ.KZ жазады.

«Осыдан бір жыл бұрын Ресей БАҚ-тарының «Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков қазақ қызы, солтүстік Қазақстан өлкесінің тумасы - Аида Қалиевамен кездесіп жүр» деген жаңалығы жер жаһанға жайылған болатын. Орыспен құда болатынымыз туралы ақпаратты қазақы интернет-ресурстар да жамырай жазып, оқырмандар арасында үлкен пікірталас туғызған. Айдай сұлу Аиданың бұл қылығын кейбіреулер жерден-алып жерге салса, кейбіреулер жақтап әлек болып жатты. Дегенмен, көпшілік оқырман қазақ қызының діні де, тілі де, ділі де бөлек әлдебіреудің етегінен ұстап кетіп бара жатқанын жақтырмады.Осы кезде ресейлік БАҚ-тың Алла Пугачеваның өз немересінің әлдебір қазақ қызымен қосылғысы келетінін ұнатпағанын, Аиданы менсінбегенін жазып жарамызға тұз сепкені бар» - деп жазылған портлда.
Естеріңізге сала кетсек, Аида Қалиеваның Никита Пресняковпен таныстығы Америкада басталып, екі жас бір-біріне деген шексіз махаббаттың дәлелелі ретінде Аиданың жартылай жалаңаштанған кезін бейнеклипке де түсіріп үлгерген.

Ол бейнеклипті ресейліктер кіші Пресняковтың алғашқы еңбегі деп қошемет көрсеткен. Ал, Аиданың мұндай қылығын көрген қандастары жанарымен жер шұқыды. Бойжеткеннің әкесі де шетелге білім алам деп кеткен қызының жалаңаш бейнесі көрермен көзайымы болып жүргеніне қатты ұялып, кірерге тесік таппай жүргенін айтты. Ол туралы да бұқаралық ақпарат құралдары жазды.