Путин 13 наурыз күні Трамптың арнайы өкілі Уиткоффты қабылдады

АСТАНА.KAZINFORM - Ресей президенті Владимир Путин кеше кешке АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдап, ол арқылы АҚШ басшысы Дональд Трампқа ақпарат жеткізді, деп хабарлайды ТАСС.

Фото: Сергей Карпухин/ ТАСС

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

– Кеше кешкісін президент Путин Уиткоффты қабылдады және ресейлік тарапқа қосымша ақпарат берілді. Уиткофф арқылы Путин президент Трампқа ақпарат пен қосымша сигнал берді, - деді Песков.

Оның айтуынша, Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың сөйлесу уақыты әлі анықталған жоқ.

– Екі президент кездесуінің нақты уақыты әлі келісілген жоқ. Бірақ Уиткофф мырза Мәскеуден алған барлық ақпаратты өз басшысына жеткізгеннен кейін біз кездесу уақытын анықтаймыз, - деді Кремль өкілі.

Екі тарапта да кездесу қажеттігі туралы түсіністік бар, деп қосты ол.

Путиннің Уиткоффпен диалогы кеше кешке Киев режимі 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген Джиддадағы АҚШ-Украина келіссөздерінен кейін өтті.

Трамптың Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі бейбіт келіссөздерден шеттетілгенін жазған болатынбыз.