Путин 19-20 мамырда ресми сапармен Қытайға барады

АСТАНА.KAZINFORM - Ресей президенті Владимир Путин сапар алдында Ресей мен Қытай арасындағы теңдессіз қарым-қатынас туралы айтып, Қытай азаматтарына үндеу жасады.

Фото: Синьхуа

Ресей президенті Владимир Путин 19-20 мамырда Қытайға екі күндік сапармен барады. Сапар екі ел арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.

2026 жыл сонымен қатар Ресей мен Қытайдың стратегиялық серіктестігі мен ынтымақтастығының орнағанына 30 жыл толады.

— Ресей-Қытай қарым-қатынасы қазір шынымен де бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Оның ерекше сипаты өзара түсіністік пен сенім атмосферасында, өзара тиімді және тең негізде ынтымақтастыққа, құрметті диалогқа және екі елдің негізгі мүдделеріне, соның ішінде егемендік пен ұлттық бірлікті қорғауға қатысты мәселелер бойынша бір-бірін қолдаудан көрінеді, - деді Путин сапары алдында Қытай азаматтарына жасаған видеоүндеуінде.

Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин екіжақты қарым-қатынастағы өзекті мәселелерді, елдер арасындағы жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету жолдарын талқылауды, сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға мемлекеттік сапармен барды.