Путин 2018 жылы президент сайлауына қатысатыны жайлы ойлануға уәде берді
16:23, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президенті Владимир Путин 2018 жылы мемлекет басшысы лауазымына сайлауға түсетіні-түспейтіні жайлы ойланып көретінін мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Бурятияда орман өрттерінің салдарын жоюға қатысты жиын кезінде 2017 жылғы сәуірде ондаған үй өртеніп кеткен Черемушка кентімен телекөпір орнатылды. Мемлекет басшысына тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысы жайлы айтты. Оның ішінде жергілікті тұрғындардың бірі - ҰОС ардагері сөз сөйледі. Ол Черемушкаға көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс білдірді.
«Владимир Владимирович, сізге өтінішіміз бар: келесі президент сайлауы болған кезде, сайлауға қайта түсуіңізді сұраймыз. Біз өте қуанар едік», - деді президентке ардагер.
«Жақсы, мен ойланып көрейін, рахмет», - деп жауап берді Путин, содан кейін тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысы жайлы сұрақты жалғастырды.