Путин: АҚШ делегациясы Мәскеуге желтоқсанның басында келеді
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тарап америкалық делегацияның Мәскеуге келесі аптаның бірінші жартысында келуін күтетінін растады, деп хабарлайды ТАСС.
Путиннің айтуынша, Ресей тарапынан негізгі келіссөз жүргізушілер – Ресей Сыртқы істер министрлігі және президенттің көмекшілері Владимир Мединский мен Юрий Ушаков.
- Ресей тарапынан келіссөз жүргізуші кім? Әлбетте, Сыртқы істер министрлігі. Президент әкімшілігі жағынан - президенттің көмекшісі Владимир Ростиславович Мединский. Ол мұнымен басынан бастап айналысып келеді. Ағымдағы мәселелер бойынша, осы жұмыстың барлығын ұйымдастыру үшін мен жұмысқа көмекшім Юрий Викторович Ушаковты да қостым, ол америкалық әріптестерімен байланыста. Бірақ ол мұның бәрін жалғыз өзі жасай алмайды. Мұны Сыртқы істер министрлігі жасауы кеерек. Және белгілі бір дәрежеде президент әкімшілігі, - деп атап өтті РФ президенті.
АҚШ тарапынан кімдер қатысатыны әлі белгісіз.
- Біз әрқашан ашықпыз. АҚШ президенті елді америкалықтар тарапынан кімдер таныстыратынын анықтауы керек. Сондықтан біз оларды келесі аптаның бірінші жартысында күтеміз, - деді Ресей басшысы.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Бұған дейін Трамптың арнайы өкілі келесі аптада Мәскеуге баратынын жазған едік.