Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты Кремльде қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдады. Кездесу Кремльде өтті, деп хабарлайды Kazinform РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Кремль

Келіссөздер жабық есік жағдайында, баспасөздің қатысуынсыз өтіп жатыр. Кремль кездесудің кадрларын жариялады. 

Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Мәскеуге келгенін хабарлаған болатынбыз.