Путин ІІМ, ТЖМ мен ЖОФҚ-ның сегіз генералын қызметтерінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин ІІМ, ТЖМ мен Жазаны орындау федералды қызметінің сегіз генералын, сондай-ақ Бурятия прокуроры мен Федералды сот приставтары қызметі директорының бірінші орынбасарын лауазымдарынан босатты, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Тиісті құжат бейсенбі күні құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

Оған сәйкес, Ішкі істер министрлігінің алты генералы, Төтенше жағдайлар министрлігінің бір генералы, Жазаны орындау федералды қызметінің бір генералы, Бурятия прокуроры мен Федералды сот приставтары қызметі директорының бірінші орынбасары жұмыстарынан босатылды.