Путин: Қазақстан мен Ресейді туыстық қарым-қатынас байланыстырады

АСТАНА.KAZINFORM - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарын қорытындылай келе, екі жақты қарым-қатынаста гуманитарлық байланыс ерекше рөл атқаратынын мәлімдеді. Бұл екі ел мен халықтар арасындағы ұзақмерзімді сенімді нығайтады.

Фото: Ақорда

- Екі ел мен азаматтар арасындағы тығыз, тату көршілік, іс жүзінде туыстық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тарихи перспективаға сенім деңгейін қалыптастырады, - деді Путин.

Ресей Президенті сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

- Бізде сауда айналымы рекордтық деңгейге жетті. 20 миллиард доллардан асты және бұл одан әрі өсуге оң тенденция көрсетеді, - деп атап өтті ол.

Путиннің айтуынша, Астанадағы келіссөздер тек ағымдағы ынтымақтастықтың нәтижелерін қорытындылауға ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Нақтырақ айтқанда, тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жеті негізгі бағытын белгіледі.

Ресей мен Қазақстан іс жүзінде барлық есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізеді, бұл өзара сауданы сыртқы әсерден қорғауға көмектеседі. Бұл туралы Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған келіссөзден кейінгі брифингіде Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті.