ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин аталған фильмге орай Ресей Президенті Владимир Путиннен сұхбат алды және өзінің «Үлкен саясат сыртындағы әңгімелер» («За кулисами большой политики») атты кітабын сыйға тартты.
Аталған кітап ҚР Президенті Телерадиокешенінің 20 жылдық мерейтойына орай шығарылған болатын. Оған Мемлекет басшысының қызметі жайында Телерадиокешен түсірген үздік деректі фильмдердің әдеби тұрғыда өңделген сценарийлері кірген. Кітап әлем мемлекет басшыларының түрлі кездесулері, форумдары мен қабылдаулары түрлі-түсті суреттермен безендірілген.