Путин Қазақстанда IT-мамандары форумын өткізу ұсынысына қолдау білдірді

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа  Қазақстанда IT-мамандары форумын өткізу жөніндегі ұсынысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз жаңа ғана әріптестерімізбен энергетика, ғарыш саласындағы қарым-қатынастарды дамыту, Байқоңырды пайдалану ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның  даму жолындағы жаңа технологиялар мәселелерін талқыладық. Бұл жұмыстар  болашақтағы жоғары технологиялық және цифрлық экономика салаларының ынтымақтастығына бағытталған. Жоғары деңгейдегі білікті мамандардың кездесуін Қазақстанда ұйымдастыру жөніндегі Сіздің бастамаңызға ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен Мәскеуде болған екіжақты кездесу барысында.

Оның айтуынша,Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас дамып келеді. «Тауар айналымының өсімі ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында 34 пайызды құрады», - деді Ресей президенті.

«Ең бастысы да ол емес. Біздің Қазақстанға салған инвестициямыз 10 миллиардтан астам. Қазақстан біздің ең басты экономикалық және стратегиялық әріптесіміз», -деді Владимир Путин.