Путин Қырғызстан президентін Александр Невский орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты Александр Невский орденімен марапаттады, деп хабарлайды КирТАГ.

В. Путин  жоғары награданы Бішкектегі мемлекеттік резиденция Ала Арчада өзі тапсырды.

«Александр Невский -  тарихи батырларымыздың бірі. Ол шығыспен де, батыспен де қызу қарым-қатынасты жолға қойды. Ал, сізге біздің бірлескен тарихымыздағы ең үздік парақтарды жүрегінде сақтаған адам ретінде - бұл нағыз лайықты марапат»,-деді Путин награданы тапсыру барысында.

Алмазбек Атамбаев бүгін, 17 қыркүйекте 60 жасқа толды.