Бұл туралы тілшілерге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
— Біздің Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз көпқырлы, және ол ынтымақтастықтың барлық мүмкін салаларын қамтиды. Сондықтан ынтымақтастықтың барлық салалары міндетті түрде егжей-тегжейлі талқыланады. Олардың барлығы өзара тиімді. Әрине, күн тәртібінде басқа да тақырыптар болады, — деді Песков Путин мен Тоқаевтың «Роснефть» пен «Лукойлға» қатысты жақында енгізілген санкцияларды ескере отырып мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылай ма деген сұраққа жауап бере отырып.
Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары 11-12 қарашада өтеді. Келіссөз барысында Путин мен Тоқаев саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастықты одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты авторлық мақаласында Мәскеудегі сапарының басты мақсатына тоқталды.