«Қазір біз парламенттік сайлаулар алдында тұрмыз. Осы сайлауларды өткізіп, нәтижесіне қарау керек. Тіпті одан кейін де алдымызда екі жыл уақыт бар. Сондықтан, бұл туралы әңгімелесуге әлі ерте. Білесіз бе, заманауи, мың құбылатын әлемде бұл туралы әңгімелесу тіпті зиян», - деп Путиннің сөзін келтірді Би-би-си Орыс қызметі.
Егер Путин жаңа сайлау додасына түспеуді ұйғарса, оның орнына ізбасары президенттікке үміткер болады. Путиннің айтуынша, ол «өте жас, бірақ өте кемел» адам болуы тиіс.
Сонымен бірге, президент өзінің болуы ықтимал ізбасарына Ресей дамуы жайлы өз көзқарасын ұқтыруға тырысатынын айтты.
Және Путин жақында ғана қатарынан бірнеше аймақтың басшылығына арнайы қызмет өкілдерінің тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ол арнайы қызмет өкілдерінің елдегі лауазымды қызметке тағайындалуынан еш әбестік көріп тұрған жоқ.