Ресей көшбасшысы атап өткендей, бұл жолдау алдағы он жылдағы ел тағдырын анықтайды.
Ел президенті өзінің жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ресейлік отбасылардың молшылықта өмір сүруін - басты басымдық ретінде атап көрсеткен.
В. Путин айтқандай, 2018 жылдың 1 мамырынан бастап РФ-те ең төменгі күнкөріс деңгейі ең төменгі еңбекақы көлеміне теңестірілген нормасы жұмыс істей бастайды. Бұл елдегі төрт млн адамның табысына оң ықпал етеді.
Айта кетейік, В. Путиннің 14-ші жолдауын жариялау рәсімі Мәскеуде, «Манеж» орталық көрме залында өткен. Оған Федерация кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік Дума депутаттары, үкімет мүшелері, өңір басшылары, қоғам қайраткерлері, ірі БАҚ басшылары қатысқан.