"Мұны талқылауға әлі ерте деп ойлаймын. Біз Сноуденге пана бердік. Бұл Асадқа беруден қиынырақ", - деді Путин Bild неміс басылымына берген сұхбатында, Асадқа Ресейде пана беру мүмкіндігі жайлы қойған сұраққа жауап берген кезінде.
"Алдымен Сирия халқына өз пікірін айтуға мүмкіндік берген жөн. Бұл демократиялық жолмен жүзеге асса, Асад ешқайда кетпейтін де шығар. Оның президент болатыны, не болмайтыны маңызды емес", - деп қосты ол.