Путин Ресейде жаңа қару түрі пайда болғанын жариялады

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей жақын арада жаңа қару-жарақ алғанын жариялауы мүмкін. Сынақтар сәтті өтіп жатыр, деді Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстанға сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабар таратты. 

– Жақында біз бұрын жариялаған жаңа қаруларымызды таныстырамыз. Қазір олар сынақтан өтіп жатыр, - деді Ресей басшысы.

Путин Ресей қарулардың сапасы қандай екенін атап өтті.

– Біздің ядролық тежеу ​​құралының инновациясы кез келген ядролық мемлекетке қарағанда жоғары. Мұның барлығын өте белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұрынғы, өткен жылдары айтқан сөздерімнің барлығы әзірлену үстінде, біз оны пысықтап жатырмыз, - деді Ресей президенті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде Владимир Путинмен кездескенін хабарлағанбыз.