Путин РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Ивановты қызметінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Путин Сергей Ивановты РФ Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатты, делінген Кремль таратқан хабарламада.

Сергей Иванов табиғатты қорғау қызметі, экология және көлік мәселелері бойынша президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды. Жаңа қызметте ол Ресейдің Қауіпсіздік кеңесіндегі орнын сақтап қалды.

Президент Әкімшілігін Антон Вайно басқарады. Бұрын ол президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде болған.