«Иә, мен Ресей Федерациясы президенті сайлауына түсемін»,- деп мәлім етті ол.
Ресей басшысының сөзін естіген кездесуге қатысушылар ду қол шапалақтады. «Мұндай қолдау көрсеткендеріңізге рахмет», - деді Путин зауыт ұжымына өз ризашылығын білдіріп.
«Сіздердің жұмыстарыңызға, елімізге деген көзқарастарыңызға алғыс айтамын»,- деп жалғастырды ол.
«Біз бірге болсақ бәрі де жақсы болады»,- деп атап өтті РФ президенті.
Еске сала кетсек, Владимир Путиннің өкілеттік мерзімі 2018 жылы аяқталады.